2018 жылдың шілде айында біз SDL Trados Studio ең соңғы нұсқасын іске қостық, ол пайдаланушылық тәжірибеге негізделген. Бірақ бұл не үшін қажет? Біздің зерттеуімізге қатысушылардың 50%-ы CAT-құралдарының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайтындығын айтты, сондықтан пайдаланушыға арналған Trados Studio 2019 мейлінше жеңілдетуге тырыстық.
Studio 2019 жаңа нұсқасында жаңа пайдаланушыларға арналған бағдарламамен жұмыс процесі өзгертілді, ал тәжірибелі пайдаланушылар қуатты функцияларды қолдана алады, бұл аудармашылар командасы үшін өнімділік деңгейі мен аудармалардың мінсіз сапасын қамтамасыз етеді.
SDL Trados Studio 2019 жаңа функцияларына тоқталайық.
Tell Me көмегімен барлық мүмкіндіктерге лезде қол жеткізу
SDL Trados Studio жүйесінде 700-ден астам пәрмен мен 1300 теңшеу бар екенін білесіз бе? Сіз қуатты функциялардың басым бөлігін пайдалана аласыз.
Кейде теңшеулердің, пәрмендер мен функциялардың соншама көп болуы қорқытады, әсіресе нақты керектіні табу қиындайды. Бұл аудару барысында қажетті теңшеулерді немесе функцияларды іздеу үшін уақыттың көп жұмсалуына алып келеді.
Tell Me технологиясын қарсы алыңыз. Tell Me көмегімен Сіз жаңа функциялар немесе теңшеулерге бұрынғыдан 4 есе жылдамырақ қол жеткізе аласыз. Мысалы, егер шрифт өлшемін өзгерткіңіз келсе, алайда қалай өзгертуді білмесеңіз, сізге «Қандай әрекет орындамақшысыз?» жаңа түймешесі (немесе ALT+Q комбинациясы) көмекке келеді. «Шрифт өлшемі» деп енгізсеңіз болғаны, бағдарлама сізге «Редактор – Шрифтті бейімдеу» опциясын ұсынады. Түймешені бір рет басу арқылы қажетті опцияны тез және оңай табасыз.
Tell Me арқасында Studio 2019 бағдарламасы ұсынатын барлық функцияларға қол жеткізе аласыз. Теңшеулер мен пәрмендерге ғана қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге бұрын естімеген-көрмеген жаңа функцияларды табасыз.
Studio 2019 жүйесінде Tell Me пайдалану үшін мына қысқа бейнежазбаны қарап көріңіз.
Нұсқаулар, кеңестер мен сұрау бойынша еске түсірулер
SDL Trados Studio 2019 сұрау бойынша оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Бұдан әрі сізге білуге тиісті «пайдалы кеңестер» түріндегі ақпарат ұсынады. Бұл кеңестер Studio-мен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Кеңестер мен еске түсірулер бейнежазбаны, пайдаланушы нұсқаулары мен ерекше ақпаратты іске қосады.
Жаңа функция жаңа пайдаланушыларға SDL Trados Studio жұмыс негіздерін оқып-үйренуді тездетіп қана қоймай, сонымен бірге Studio функционалын жете меңгермеген тәжірибелі пайдаланушылар үшін де көптеген кеңестер мен еске түсірулерді ұсынады.
Неліктен біз оқыту ортасын Studio 2019 жүйесіндегі сұрау бойынша ұсынамыз? Бірнеше жылдар бойы біз бағдарламамен жұмыс істеуге үйренудің қарапайым тәсілін талап етуші пайдаланушылармен кері байланыс орнаттық. Атап айтқанда, бізге тапсырыс берушілер үш сұрақ қойды:
SDL Trados Studio-ны қалай пайдалану қажеттігін дәл қазір білгім келеді
Бағдарламаны қалай пайдалануды білу үшін SDL Trados Studio жүйесінен шығуды қаламаймын
Мен өзімді SDL Trados Studio сенімді пайдаланушысы ретінде сезінгім келеді.
Studio 2019 жүйесінде сұрау бойынша кеңестерді пайдалану үшін мына қысқа бейнежазбаны қарап көріңіз.
Жобаларды қарапайым басқару
SDL Trados Studio 2019 жобаларды басқарудың екі жаңа ерекшелігін ұсынады: жобалардың жаңа шебері және жобаның ортасында оны жаңарту.
Жобалар бірінен соң бірі құрылуда, ал мерзімдері қысқаруда, сондықтан Studio 2019 жүйесінде жобаларды мейлінше жеңілдетуге тырыстық. Мақсаты неде дейтін болсақ -біз аудармаға көбірек уақыт бөліп, жобаларды жасау уақытын қысқарттық.
Studio 2019 жобалардың жаңа шебері осы мәселелерді шешеді. Жобалардың жаңа шебері жобаның жасалуын 28%-ға қысқартады (манипуляциялар азая түседі) — сіз жобаны “тышқан” батырмасын бір рет басу арқылы құра аласыз! Жобалар шебері қалай өзгергенін көру үшін, келесі бейнежазбаны қарап шығыңыз.
Сіз жобаны бастаған кезде, сізге аудармаға жаңартылған файл келіп түсті ме? Studio 2019 мұндай файлдарды жаңартуды 82%-ға тезірек орындайды. Жай ғана жаңа файл қосқыңыз келсе, Studio 2019 оны салыстырып, оны файл жаңартуға арналған фондық режимде өңдейді. Осы жаңарту кезінде бұрын орындалған аударма сақталады.
Сонымен қатар «Файлдарды тез қосу» жаңа функциясының арқасында қолданыстағы жобаларға файлдар қосу процесі жеңілдетілді.
Жаңа функцияларды сынап көру үшін, мына қысқа бейнежазбаны қарап көріңіз.
Аудармалар жадын басқару жақсартылды
Сіздің аудармашылық жадыларыңыз ең құнды актив болып табылады, сондықтан оларды басқаруды жеңілдетуге тырыстық. Енді SDL Trados Studio 2019 аударма жадыларын басқаруды жақсартты:
- Бір бетте 1000 бірлікке дейін қарап шығу
- Сіздің жадыңыздағы белгілі бір бетке немесе ең соңғы бетке өту
- Жадыны редакциялау мен жаңарту және ең дәл аударманы табуға арналған бұрынғыдан тиімді бақылау
Studio 2019 жүйесінде аудармалар жадын басқарудың қалай жақсартылғанын білу үшін мына қысқа бейнежазбаны қарап көріңіз.
Мен бұл мақала SDL Trados Studio 2019 жаңа функциялары туралы білуге көмектесті деп сенемін. Жаңа пайдаланушы немесе сарапшы, аудармашы немесе жоба менеджерісіз бе — кім болсаңыз да, біз жұмыс өнімділігі мен жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін ең тиімді тәжірибемен қамтамасыз етуге тырысамыз.