Қашаған кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі теңіз мұнай кен орны болып табылады. 2000 жылы ашылған кен орны Атырау қаласы маңындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан және Тенгиз кен орнын қоса алғанда соңғы 30 жылдағы ең ірі әлемдік жаңалық болып есептеледі.
Кен орнын халықаралық консорциум Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлу туралы келісімге сәйкес өндіруде. Келісімді жеті компания жасасты: «Эни» (16,81%), «Роял Датч Шелл» (16,81%), «Тоталь С.А.» (16,81%), «ЭксонМобил» (16,81%), «ҚазМұнайГаз» (16,81%), Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (8,4%) және «Инпекс» (7,56%).
Кен орнын пайдалану барысындағы ең басты жасақтама 12 мұнай ұңғымасымен жалғасқан «Д аралы» деп аталатын құрылым болып табылады. Ол өндірудің екі технологиялық желісінен тұрады, біріншісінде – мұнай мен газ ажыратылып, екіншісінде жер үстіндегі құрылғыға жеткізіліп, ол жерде олар сусыздандырылып, күкірті көп газдың бір бөлігі коллекторға айдалады. 2012 жылы бұл жерде 5000 шақты адам жұмыс істеді. Мұнай ұзындығы 92 км құбыр бойымен құрлыққа жеткізіледі. Жұмысшылар баржалардағы тұрғын үй модульдерінде орналастырылады.