Оқыту қызметтері

«РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС мұнай-газ саласында әртүрлі оқу курстарын жүргізуге арналған бірегей мүмкіндіктерге ие. Біз – ең алдымен сапаны ойлайтын компаниямыз. Әртүрлі қызмет салаларында маңызды тәжірибе жинақтай отырып, «РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС келесі салалардағы оқыту қызметтерінің кең шеңберін ұсына алады:

Лингвистикалық оқыту
1993 жылдан бері біз мұнай-газ секторындағы шетелдік тапсырыс берушілер үшін жоғары сапалы аударма қызметтерін ұсыну үшін өзіміздің жазбаша және ауызша аудармашыларымызды оқытып отырамыз. Біз тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен талаптарына бейімделген жазбаша және ауызша аудармашылар үшін кәсіби тіл сабақтарын қамтамасыз етеміз. Кез-келген деңгейдегі барлық бағыттар бойынша лингвистикалық оқыту ұсынамыз: ағылшын тілінің халықаралық стандарты, іскери ағылшын тілі, тереңге бойлау әдісі, орыс және қазақ тілдері екінші тіл ретінде. Біздің Ұлыбританиядан келген тіл үйретуші командамыз бар.
Техникалық оқыту
Техникалық оқыту: ҚТ, ЕҚ және ҚОҚ дағдыларынан бастап озық техникалық дағдыларға дейін. Бізде барлық лауазымдарға арналған курстардың келесідей кешенді матрицасы бар: төтенше жағдайларды басқару жөніндегі нұсқаулықтардан курстарға дейін, сондай-ақ бюджетті басқарудың әкімшілік бөлігі бойынша оқытулардан, іскери жазбаша тілге және есептер құруға дейін.
Кәсіпорынды басқару
Біз корпоративтік оқыту саласындағы шешімдерді ұсынамыз және көшбасшылық, жанжалдарды реттеу және күйзеліс жағдайларын басқару сияқты басшылық лауазымдар үшін қажетті дағдыларды үйретеміз.

Кәсіби нұсқаушылар

Біздің барлық нұсқаушыларымыз жоғары санатты сарапшылар болып табылады. Тілдік оқыту жөніндегі барлық оқытушылар -филология, лингвистика және шет тілдерін оқыту салаларындағы мамандар. Олардың басым бөлігі халықаралық оқытушы сертификаттарына (Cambridge RSACELTA, DELTA, International House, ICELT және т.б.) ие, бұл кәсіби оқулар мен лездік нәтижелердің биік сапасына кепіл болады.

Барлық оқытушылар біздің әріптесіміз – «Лукуллус» шет тілдерін үйрету мектебі жасақтаған бағдарламаға сәйкес оқып, үйренеді. Мұғалімдердің қызметі үнемі бақыланып, үйлестіріледі.

Біздің аударма ісіміз жөніндегі барлық нұсқаушыларымыздың оқыту саласында ғана емес, сонымен қатар жазбаша және ауызша аударма саласында да тәжірибесі бар, бұл білім алушылардың және тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін толық түсінуді қамтамасыз етеді.

Оқыту қажеттілігін бағалау

RTG Group Қазақстан, Ресей және ТМД елдеріндегі мұнай және газ индустриясындағы маманданған бағыты біздің оқыту жұмысымыздың осы нарыққа бет бұрғанын көрсетеді. Біз барлық оқу бағдарламаларын тапсырыс берушілер мен кәсіпорын қажеттіліктеріне бейімдейміз. Егер өз қызметкерлеріңізге қандай оқыту қажет екенін білмесеңіз, біздің сарапшылар қызметкерлеріңіздің деңгейін анықтап, арнайы оқыту талаптарын бағамдайды.

Құпиялылық және әдеп нормалары кодексі

RTG Group кәсіби даярлық және іскери мінез-құлық кодексін қатаң ұстанады және ақпаратты үшінші тұлғаларға ашпайды. Біз құпиялылықты ұстанудың маңызды екенін түсінеміз. Біздің сенімді жұмыскерлер, жобаны басқару процесі және кәсіби әдепке деген адалдығымыз сіздің жобаларыңыздың, құжаттарыңыздың және ауызша коммуникацияларыңыздың сақталуын қамтамасыз етеді. «РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС біздің клиенттер мен тапсырыс берушілер арасындағы құпиялылықты сақтайды.