КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС – 1993 жылы құрылған RTG Group құрамындағы қазақстандық компания. 25 жылдан астам уақыт ішінде компания Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің нарығындағы мұнай-газ саласындағы жұмыстың мінсіз тәжірибесін меңгерді.

Сапаның негізгі қағидаттарын ұстана отырып, біздің компания барлық мұнай-газ өндіруші компаниялармен және жетекші халықаралық компаниялармен жұмыс жасап, келесі қызметтерді ұсынады:

  • персонал іздеу, персоналды толықтыру, адам ресурстарын іздеу және аутсорсинг;
  • оқыту қызметтері: техникалық, коммерциялық, лингвистикалық және өзге де техникалық емес;
  • ауызша және жазбаша аударма қызметтері

БІЗ ӨЗ ҚЫЗМЕТІМІЗДЕ КЕЛЕСІ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҰСТАНАМЫЗ:

Тапсырыс берушілердің талаптарына сәйкес болу, жұмыстарды сапалы және белгіленген мерзімде орындау. Жұмыстардың орындалу барысын талдау және бақылау.

Жұмыстарды негізгі салалардағы білім мен мол тәжірибені меңгерген біздің қазақстандық қызметкерлердің, сондай-ақ  ресейлік және шетелдік мамандардың командасы атқарады.

Ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды құру, құзыретті және бастамашыл қызметкерлерді ынталандыру. Компанияның корпоративтік рухын қолдау.

Тапсырыс беруші және жеткізушілермен өзара тиімді шарттармен ынтымақтастық аясын кеңейту.

САМАЛ БАЛҒЫМБАЕВА

Самал Балғымбаева 2018 жылдан бері «РТГ Тілмаш» компаниясы Басқармасының төрағасы. Самал компанияның иесі болған кезден бастап РТГ компаниясын өңірдегі персонал іріктеу, аударма және кәсіби оқыту саласындағы көшбасшылар қатарына шығаруды мақсат етіп отыр.
«Консорциум Isker», «Казкоммерц Секьюритиз», «Сентрас Секьюритиз» компанияларында, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да, ҚР Ұлттық банкінде және Bank of Boston банкінде еңбек еткен Самалдың қаржы қызметі саласында мол тәжірибесі бар. Самал өзінің көшбасшылық қасиеті мен келіссөздер жүргізу дағдылары арқасында бүкіл әлем бойынша түрлі халықаралық қаржы мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатты. Самал корпоративтік басқару және іскерлік әдеп жөніндегі халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға белсенді атсалысты. Самал қаржы және халықаралық қатынастар саласында (Northeastern University, Бостон, АҚШ) бакалавр дәрежесіне және кадрларды халықаралық басқару бойынша (University of Westminster, Ұлыбритания) магистр дәрежесіне ие.

СӘУЛЕ СМАҒҰЛОВА

Сәуле Смағұлова «РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС-де 2014 жылдан бері бас директорлықты атқарып келеді.
Кәсіпорынды басқару, келіссөздер, халықаралық салық заңнамасы, жаңа бағыттар және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты басқару жөніндегі маман бола отыра, Сәуле РТГ үшін аса маңызды білім мен біліктерді меңгерген. Сәуле барлық адамдар өздерінің шабытын табуы үшін, олардың дамуын инвестициялаудан жалықпайды.

Гүлжарқын Сыдықова

Бухгалтер

Жансая Телишева

Жазбаша аудармалар үйлестірушісі

МАМАНДАР КОМАНДАСЫ

Сіздің жобаңыз үшін таңдалған маманның сіздің талаптарыңызды орындау үшін қажетті дағдылары мен білімі жеткілікті.

Гаухар Қуанышева

Бас бухгалтер

Ақмарал Тағанбаева

Персонал іріктеу жөніндегі маман