Сізге жедел түрде жұмыс қажет пе? Сіз жұмысты көптен іздеп жүрсіз, алайда оны табудан күдер үздіңіз бе? Көп уақыт жоғалтпай, жұмыс тауып алуға көмек беретін нәрселер бар. Төменде жұмыс іздеуде пайдаға асатын 15 кеңес ұсынылады. Оларға ұсақ-түйек деп қарамаңыз, маңызы тым зор. Олар сіздің тағдырыңызды шешуі мүмкін. Тізімді мұқият оқып шығыңыз, қандай шаралар қабылдауға болатынын ұғыныңыз.
- Жұмыс іздеу порталдарында кеңейтілген іздеу параметрлерінің көмегіне жүгіне отырып, уақыт үнемдеуге болады. SimplyHired.com, CareerBuilder және Monster сияқты барлық негізгі порталдарда кеңейтілген іздеу функциялары бар, олардың көмегімен бір ілмек сөз -орналасқан жері, радиусы, лауазымы, компания, жұмыс түрі, жарияланған күні, тағы да басқа параметрлер арқылы іздеуге болады. Төменде жұмыс іздеудің 10 үздік веб-сайты және кеңейтілген іздеу параметрлерін пайдалану жөніндегі кеңестер келтірілген.
2. Біз барлық табылған бос орындарға өтінім тастауға кеңес бермейміз. Өз біліктілігіңізге сай келетін жұмысқа назар аударыңыз: осы арқылы сұхбаттан өту мүмкіндігіңізді арттырасыз. Түйіндеме қалдыру және ұсынымхаттар жолдау -уақытты босқа жоғалту. Іздеу басталғанға дейін қандай жұмыс іздеп жүргеніңізді айқындап алыңыз.
Алдымен өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін компаниялар тізімін құрып, олардың сізге назарын аудару үшін бар амалдарды орындаңыз. Қандай амалдар екенін айтамыз.
3. Тіпті жұмыс берушіден жауап күтіп отырғанның өзінде лауазымдарға тіл қатуды тоқтатпаңыз. Жұмыс іздеп жүргендердің көпшілігінің дәл мұрнының астынан 15 есік жабылғанымен, келесіде бақ көтеруі әбден мүмкін. Қателеріңізді енді қайталамауға тырысып, өзіңізге қажеттіні тапқанша, дамыл таппаңыз. Сонда ең болмағанда бірнеше ұсыныстың арасынан ең қолайлысын таңдайтын боласыз. Бұл өте жақсы.
4. Сіз мақсаты айқын жөнемелеу хатын құруыңыз қажет, ал әйтпесе түйіндемеңізді ешкім көзге ілмеуі мүмкін. Кадрлар бөлімі маманының көзіне түсу үшін және жұмысқа шақырту алу үшін, бірнеше секунд қана уақытыңыз бар. Персонал жөніндегі менеджерлер жөнемелеу хаттың бірінші абзацынан сіздің бұл компанияға қандай үлес қоса алатыныңызды білгісі келеді. Төменде біліктілік пен жұмыс бойынша, сондай-ақ жөнеме хат құру жөнінде бірнеше кеңес беріледі.
5. Түйіндемеңіздің белгілі бір лауазымға бағытталғаны айқын көрініп тұруы тиіс. Бұл жай жөнеме хат емес. Түйіндемені сол лауазымға мейлінше сәйкестендіріп, редакциялау қажет. Өйтпеген жағдайда компаниялардағы үміткерлерді қадағалау жүйелері немесе оларды оқитын адамдарға ұнамай қалуы мүмкін. Мақсаттық түйіндеме былай құрылады.
6. Бүкіл жұмыс тәжірибесін тізіп шығудың қажеті жоқ. Кейбір үміткерлер бүкіл еңбек жолын тәптіштеп көрсетеді. Бұл еш әсер бермейтіні анық. Бұл адамды қартайтады, түйіндемеде артық ақпарат көп болады, тәжірибе лауазым үшін тым ауқымды. Түйіндемеде тәжірибе мен жұмыс өтілін былай көрсету қажет
7. Тек штаттық лауазымдарды ғана көрсетуге болады. Егер белгілі бір уақытта жұмыс істемеген болсаңыз, онда сол кезеңді көрсетпеген дұрыс. Түйіндемені жақсарту үшін, жұмыс тәжірибесінен басқа нәрселерді де көрсетуге болады. Ресми түрде жұмыс жасамаған кезіңіз туралы мынадай деректерді түйіндемеге қосуға болады.
8. Бастық сияқты немесе өз мамандығының шынайы шебері сияқты киініңіз. Сыртқы келбеттің рөлі үлкен болмағанмен, қандай болмасын рөлі болары анық. Сұхбаттасудың алғашқы минуттарында ең маңызды әсер қалдырылады. Өзіңіз жұмыс жасағыңыз келетін компаниядағы бос лауазым түріне сай киініңіз. Бұл жерде әртүрлі лауазымдар мен жұмыс орталарында қолданылатын киім үлгісі көрсетілген.
9. Сұхбаттасу кезінде өзіңіздің шынайы жүзіңізді көрсетіңіз. Жаттанды жауаптар, жасанды күлкі мен жұмыс берушіге ұнауға тырысу мақсатындағы орынсыз сөздер оның көңілінен шықпауы мүмкін. Жұмыс берушілер кімді жұмысқа алып жатқандарын білгісі келеді және алғашқы жұмыс күні сол адамды көреді.
10. Өзіңіздің тәжірибеңіз бен дағдыларыңыз туралы айтып беріңіз. Мұндай әңгімелер -жұмыс берушіге сіздің кім екеніңізді көрсетудің жақсы тәсілі. Сізге сұхбат соңында сұрақтар қойылған кезде, нақты дағдыларыңыз бен тәжірибеңізді баяндап, сондай-ақ қойылған жағдаяттардағы өзіңіздің іс-әрекетіңізді еш абдырамай көрсетіңіз. Ақпарат неғұрлым дәл болса, персонал жөніндегі менеджерге қалдыратын әсеріңіз де жақсырақ болмақ. Сұхбаттасу кезінде дәл осылай жауап беру керек.
11. Алдыңғы жұмыс берушіңіз туралы жаман ештеңе айтпаңыз. Сұхбаттасу кезінде ең жиі орын алатын қателік -бұрынғы бастық пен әріптестер туралы жағымсыз пікірді жайып салу. Сұхбаттасуды жүргізуші бұл компаниядан босағаннан кейін сіздің келесі жұмыс берушіге оны жамандайтыныңызды ойлайды.
12. Сұхбаттан соң алғыс білдіріп, қысқа хат жолдау қажет. Бұл сұхбаттасудан кейінгі маңызды сәт. Осылайша сіз сұхбаттасуға шақырғандарын бағалайтыныңызды көрсетесіз. Осы арқылы қызығушылығыңызды тағы бір көрсетіп, сұхбат кезінде ұмытып кеткен нәрселеріңізді қосуға болады. Бұл жерде сұхбаттан кейін алғыс білдірудің тәсілдері, сондай-ақ фразалар мен электронды хаттардың мысалдары берілген.
13. Желілік жұмыс — жұмысты жан-жақты іздеудің маңызды компоненті. Көптеген бос лауазымдарды адамдар интернет немесе таныстары арқылы іздейді. Жұмыс іздеп жүргеніңізді көбірек адамдар естігені жөн, біреуінің болмаса біреуінің көмегі тиіп қалар. Компаниядағы байланыстарды осылай пайдалануға болады.
14. Ұсынбахаттар жұмысқа тұру кезінде шешуші рөл атқаруы мүмкін. Ұсынбахаттар өте маңызды, жұмыс берушілер оларды тексереді. Басшыларыңыздан, әріптестеріңізден, тапсырыс берушілерден, қарауыңыздағылардан және жеткізушілерден алыңыз. Оларды сайтта, мысалы, LinkedIn, сақтап, мүмкіндік туғанда, басқа адамдарға табыс етіңіз. Егер басшыңыздан нашар ұсынбахат алам деп алаңдасаңыз, өзіңіз туралы деректерге қосуға болатын жеке сипаттағы ұсынбахат сұраңыз. Нашар ұсынбахаттарды былай пайдалануға болады.
15. Бір бос лауазымға бірнеше рет тіл қатуға болады. Сіз арманыңыздағы компанияға түйіндеме жіберіп, жауап алмадыңыз. Содан тағы хабарландыру шыққанын көріп қалдыңыз. Тағы тіл қатудан қаймықпаңыз, түйіндеме мен жөнеме хаттағы біліктіліктің лауазымға сәйкестігіне әбден көз жеткізгеннен кейін, түйіндемені тағы жолдаңыз. Сонымен қатар LinkedIn жүйесіндегі таныстарыңызды қарап шығыңыз. Сіз ұсынбахатты екінші рет ала аласыз. Компаниямен байланыстарды осылай табуға болады.
Қосымша кеңестер
Сұхбаттасудан бұрын аяқ киіміңізді жылтырата тазалаңыз. Жұмысқа алушы мамандардың көзі ең алдымен сіздің аяқ киіміңізге түседі. Аяқ киіміңізді арнайы немесе әмбебап шүберекпен сүртуіңізге болады. Басыңыздан аяғыңызға дейін мінсіз болып тұруға тиіссіз.
Ұсақ-түйектерге де мән беріңіз. Жұмыс іздеу барысында бір уақытта бірнеше міндеттерді орындағандай боласыз. Егер әлеуетті жұмыс берушіге жақсы әсер қалдырғыңыз келсе, көптеген нәрсеге мән беру керек. Жұмыс іздеу кезінде ұмытылмауы тиіс 10 нәрсе.