МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР

БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗДЫҢ САПАСЫН КОМПАНИЯЛАР ЖАҚСЫ БІЛЕДІ

ПЕРСОНАЛДЫ ТАРТЫП

ҮЙРЕТУГЕ НЕГІЗ БОЛҒАН КЕЙБІР ЖОБАЛАР

Болашақ Кеңейту Жобасы

Қазақ даласының төсінде өте үлкен тереңдікте Тенгиз кен орны деп аталатын алып коллектор бар, ондағы мұнай кенішінің биіктігі адам сенгісіз -1,6 км. Ауданы Парижден (Франция) төрт есе үлкен Тенгиз кен орны әлемдегі ең ірі, ең терең мұнай кен орны және бір жағынан бір қақпақылы бар ең ірі өнімді коллектор болып табылады. Қасында Королевское деп аталатын әлемдік деңгейдегі коллектор орналасқан. Осы екі кен орнын да пайдаланатын Тенгизшевройл (ТШО) компаниясындағы 50% үлес “Шевронға” тиесілі.

Бүгінгі таңда кен орындарының жыл сайынғы дебиті тұтас елдердің мұнайына деген жылдық қажеттілікті қанағаттандырады. 2017 жылы жалпы тәуліктік өндірім («Шевронның» үлесі) орташа есеппен 272 000 баррель шикі мұнайды, 401 текше фут табиғи газды және 21 000 баррель жеңіл көмірсутектердің кең фракцияларын құрады.

БКЖ жобасында Тенгиз кен орнында шикі мұнайдың өндірілуін тәулігіне шамамен 260 000 баррельге арттыра отырып, сәтті жасақталып, 2008 жылы ТШО алдыңғы кеңейту барысында өзінің тиімділігін дәлелдеген күкірт мөлшері жоғары газды айдаудың заманауи технологиясы пайдаланылатын болады.

Сонымен бір уақытта Сағалық Қысымды Басқару Жобасы (СҚБЖ) іске асырылуда, оның мақсаты қолданыстағы құрылғылардың толық өнімділігін пайдалана отырып, өндірудің шарықтау сәтінің мерзімін ұлғайту арқылы ТШО қолданыстағы инфрақұрылымының құндылығын арттыру болып табылады. Алғашқы мұнайды өндіру 2022 жылға жоспарланған.

Қашаған

Қашаған кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі теңіз мұнай кен орны болып табылады. 2000 жылы ашылған кен орны Атырау қаласы маңындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан және Тенгиз кен орнын қоса алғанда соңғы 30 жылдағы ең ірі әлемдік жаңалық болып есептеледі.

Кен орнын халықаралық консорциум Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлу туралы келісімге сәйкес өндіруде. Келісімді жеті компания жасасты: «Эни» (16,81%), «Роял Датч Шелл» (16,81%), «Тоталь С.А.» (16,81%), «ЭксонМобил» (16,81%), «ҚазМұнайГаз» (16,81%), Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (8,4%) және  «Инпекс» (7,56%).

Кен орнын пайдалану барысындағы ең басты жасақтама 12 мұнай ұңғымасымен жалғасқан «Д аралы» деп аталатын құрылым болып табылады. Ол өндірудің екі технологиялық желісінен тұрады, біріншісінде – мұнай мен газ ажыратылып, екіншісінде жер үстіндегі құрылғыға жеткізіліп, ол жерде олар сусыздандырылып, күкірті көп газдың бір бөлігі коллекторға айдалады. 2012 жылы бұл жерде 5000 шақты адам жұмыс істеді. Мұнай ұзындығы 92 км құбыр бойымен құрлыққа жеткізіледі. Жұмысшылар баржалардағы тұрғын үй модульдерінде орналастырылады.

Амур газ өңдеу зауыты

Амур газ өңдеу зауытын «Газпром» компаниясы Амурск облысының Свободненск ауданында салып жатыр. Зауыттың өңдеу қуаттылығы жылына 49 миллиард текше метр газды құрайды.

Газ өңдеу зауытының функциясы табиғи газдан маңызды компоненттерін бөліп алудан тұрады, ол табиғи газды Қытайға шығыс маршрутпен жеткізу процесіндегі маңызды буын болып саналады.

«Газпром Переработка Благовещенск», «Газпром» компаниясының бір бөлігі және НИПИГАЗ серіктестікті 2015 жылдың шілде айында Амур газ өңдеу зауытының құрылысын басқару, жобалау, жабдықтар мен материалдарды жеткізуді үйлестіру үшін құрған болатын.

Құны 791 миллиард рубльді (12,7 миллиард АҚШ доллары) құрайтын жоба құрылысы 2015 жылдың қазан айында басталды. Күтілгендей, зауытта құрылыс кезеңінде 15 мың адам және аяқталғаннан кейін 3000 адам жұмыс істейтін болады.