Үздіктерді таңдау
«РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС аудармашыларды тестілеудің өзіндік жүйесін жасақтады. Бұл үрдісте РТГ кәсіби әдістемесі қолданылады, нәтижесінде сыналатын үміткерлер кәсіби деңгейдің 7 санаты бойынша сараланады. Сынау әдістемесі 3 деңгейден тұрады. Сынау нәтижесінде үміткерлерге берілетіні:
— Біліктілік
— Санат
— Жалпы баға
Барлық деңгейлерден өткеннен кейін және тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес үміткерлер анықталғаннан кейін Тапсырыс беруші тарапынан алға тартылған жұмыс кестесі, жұмыс жағдайлары, тәртіптік талаптар, еңбек ақысының мөлшері, қосымша ынталандыру төлемдері, жұмысқа жеткізу/ алып кету жағдайлары сияқты ынтымақтастық туралы шарт міндеттері мен тармақтарын түсіну үшін қосымша сұхбаттасу жүргізіледі. Жергілікті персонал біліктілігін бағалау әдістері олардың қайда тұратынына қарамастан, барлық үміткерлер үшін бірыңғай болып табылады. Осылайша сынау нәтижесінде жергілікті персонал, сондай-ақ Қазақстанның басқа да өңірлерінен нақты әлеует анықталып, бұл «РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС-не тапсырыс беруші үшін дұрыс үмкіткерді таңдауға мүмкіндік береді.