БІЗ ӨЗ ҚЫЗМЕТІМІЗДЕ КЕЛЕСІ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРДЫ ҰСТАНАМЫЗ:
САМАЛ БАЛҒЫМБАЕВА
Самал Балғымбаева 2018 жылдан бері «РТГ Тілмаш» компаниясы Басқармасының төрағасы. Самал компанияның иесі болған кезден бастап РТГ компаниясын өңірдегі персонал іріктеу, аударма және кәсіби оқыту саласындағы көшбасшылар қатарына шығаруды мақсат етіп отыр.
«Консорциум Isker», «Казкоммерц Секьюритиз», «Сентрас Секьюритиз» компанияларында, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да, ҚР Ұлттық банкінде және Bank of Boston банкінде еңбек еткен Самалдың қаржы қызметі саласында мол тәжірибесі бар. Самал өзінің көшбасшылық қасиеті мен келіссөздер жүргізу дағдылары арқасында бүкіл әлем бойынша түрлі халықаралық қаржы мекемелерімен тығыз қарым-қатынас орнатты. Самал корпоративтік басқару және іскерлік әдеп жөніндегі халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға белсенді атсалысты. Самал қаржы және халықаралық қатынастар саласында (Northeastern University, Бостон, АҚШ) бакалавр дәрежесіне және кадрларды халықаралық басқару бойынша (University of Westminster, Ұлыбритания) магистр дәрежесіне ие.
СӘУЛЕ СМАҒҰЛОВА
Сәуле Смағұлова «РТГ Тилмаш Казахстан» ЖШС-де 2014 жылдан бері бас директорлықты атқарып келеді.
Кәсіпорынды басқару, келіссөздер, халықаралық салық заңнамасы, жаңа бағыттар және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты басқару жөніндегі маман бола отыра, Сәуле РТГ үшін аса маңызды білім мен біліктерді меңгерген. Сәуле барлық адамдар өздерінің шабытын табуы үшін, олардың дамуын инвестициялаудан жалықпайды.