«РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС
Жазбаша аударма
Ауызша аударма
Шұғыл аударма
Куәландырылған аударма
Сұранысыңызды жіберіңіз

Аударма қызметтері

20 жылдан астам уақыт бойына біз техникалық құжаттарды оқу дағдылары, мұнай және газ саласында, жұмыс пен жабдықтың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес тәжірибесі бар, сондай-ақ, нарық және заң саласында кәсіби мамандардың үлкен дерекқорын жинақтадық. Біздің лингвисттеріміз жоғары білікті мамандар, олар өндірістік сектордың әртүрлі салаларындағы материалдардың аудармасын жасайды (келісімшарттар, заңды құжаттар, бұрғылау, құрылыс, геофизика және барлық техникалық мәселелер бойынша кез келген құжат).

Жобаны басқару бойынша көп жылғы тәжірибеге ие «РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС компаниясы жобаларды лингвистикалық қолдау тұрғысында комплекстік қызметтерді ұсынуға қуанышты:

  • Жазбаша аудару
  • Мәтіндерді өңдеу
  • Ауызша аудару
  • Мәтіндерді пішімдеу
  • Лингвистикалық консалтинг: тіл және терминология бойынша сабақтар мен семинарлар

 

«РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС жұмысты орындау үшін қажетті келесі бағдарламалық құралдарды қолданады:

  • Trados Studio 2014 (Multiterm бағдарламасымен бірге)
  • Microsoft Office 2010 (Word, Excel, PowerPoint)
  • Adobe Acrobat Professional
  • ABBYY PDF Transformer 3.0
  • Visio 2003
  • AutoCAD 2011 шығарылымы және
  • Microstation 8 нұсқасы.

 

Біздің жұмысымыз әрқашан келесі принциптерге негізделеді:

  • Аударма жасаған кезде, біз үшін сапа мен уақыт негізгі талап
  • Іскери процестерді толығымен басқару
  • Бірлесіп еңбек ету тұжырымы
  • Тұтынушы талаптарына дәл сәйкестік

 

Іскери процестердің компоненттері:

1. Мұқият дайындық мәтінді терең талдауларды және жұмыс ауқымын бағалауды, жұмысты жоспарлауды, жоба сөздігін және жалпы тіл үлгілерін жасауды қамтиды.
2. Аударма процестерінде әрқашан тұрақты стилистикалық, грамматикалық және лексикологиялық тексеру қатар орындалады.
3. Үздіксіз сапаны бақылау.

«РТГ Тилмәш Қазақстан» ЖШС аудармашыларды сынақтан өткізудің өз жүйесін жетілдірді.

Бұл процесc бірегей кәсіби РТГ методологиясын қолданады, оның нәтижесінде сынақтан өткізілетін кандидаттар кәсіби деңгейдің 7 санатына бөлінеді.

Сынақтан өткізу методологиясы 3 кезеңнен тұрады. Сынақ нәтижесінде кандидаттарға мыналар беріледі:

  • Біліктілік
  • Санат
  • Жалпы бағалау

 

Сынақтың барлық кезеңдері аяқталған соң және табылған кандидат Тұтынушы талаптарына сәйкес келетін болса, кандидатпен Тұтынушы орнатқан мақсаттарды, мысалы, жұмыс кестесі, жұмыс жағдайы, жұмыс сағаты, тәртіптік талап, еңбекақы, қосымша сыйақылар, жұмысқа/жұмыстан тасымалдау, сондай-ақ, қызмет ету келісімінің шарттарын түсінетінін анықтау үшін қосымша сұхбаттасу жүргізіледі.

Жергілікті штатты бағалау әдістері де тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық кандидаттар үшін бірдей болады. Осылай, сынақ нәтижесінде жергілікті штат пен Қазақстанның басқа аймақтарынан нағыз ықтимал кандидатты анықтауға болады, бұл «РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС Тұтынушы үшін кандидаттың дұрыс таңдауын жасауға мүмкіндік береді.





Біздің тобымыз



Жазбаша аудармалар бөлімі:
+7 7122 32-35-57
tilmash@rtg-group.kz

Сұранысыңызды жіберіңіз
-