«РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС
Бизнес тренингтері
Тілдерді оқыту
Аударма жасау бойынша семинарлар
Техникалықтренингтер

Білім беру қызметі

Әр түрлі салаларда сан-алуан тәжірибені жинақтаған «РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС келесі салаларда толық оқыту қызметтерін бере алады:

  • Біз 1993 жылдан бастап мұнай және газ секторында батыс клиенттері үшін жоғарғы деңгейлі аударманы беру қажеттігін есепке ала отырып, өз аудармашыларымызды және тілмәштарымызды дайындық курсынан өткізіп келеміз. Біз өз клиенттеріміздің талаптарына икемделетін аудармашылар мен тілмәштарды бірегей кәсіби тілді оқыту курстарымен қамтамасыз етеміз.
  • Барлық талаптар мен мүмкіндіктерге арналған тілді оқыту курсы: жалпы ағылшын, іскери ағылшын, тереңдетілген ағылшын, екінші тіл ретінде орыс және қазақ тілі. Сондай-ақ, бізде құнды Британдық жергілікті тілде сөйлеушілер тобы бар.
  • Іскери басқару: дарынды жетілдіру және қызметкерлерге жетекшілік дағыдыларын, қайшылықты басқаруды және қарбалас жағдайларда жұмысты орындауды қамтитын басқару позицияларының талаптарын орындау үшін біріктірілген оқыту курсы саласында шешімдерді береміз.
  • Бастапқы ДЕҚОҚ түрінен жетілдірілген техникалық дағдыларға дейінгі техникалық оқу курстары бойынша бізде барлық позицияларға арналған курстардың толық матрицасы бар. Негізгі кіріспеден бастап, маңызды апаттық жағдайда басқару курстарына дейін және әкімшілік тұрғысынан бюджетті басқарудан бастап іскерилікке және есепті жазуға дейінгі кез келген саланы қамтиды.

 

Жұмыс принциптері

  • Оқыту курсы қажеттіліктерін бағалау
    Қазақстандағы, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі мұнай және газ өндірісіндегі РТГ Групп мамандары сол нарық үшін біздің оқыту жұмыстарымыздың айтарлықтай бағытталғанын білдіреді. Біз өзіміздің оқыту курсы бағдарламаларымызды клиентіміздің және өндірістің қажеттіліктеріне бейімдейміз. Штатыңызға ненің қажет екендігін білмесеңіз, біздің сарапшыларымыз олардың деңгейлерін және нақты оқыту талаптарын анықтай алады.
  • Кәсіби оқытушылар
    Біздің барлық оқытушыларымыз жоғарғы тәжірибелі өз жұмысының мамандары. Біздің тілді оқытушыларымыз — филология, лингвистика және шет тілін оқыту саласындағы кәсіби мамандар. Олардың көбінде халықаралық оқыту куәліктері бар (Cambridge RSA\CELTA, DELTA, International House, ICELT, т.б.), бұл жоғарғы сапалы кәсіби мамандардың сабақ беретініне және жылдам нәтижелерге қол жеткізуге болатынына кепілдеме ретінде қызмет атқарады. Барлық оқытушылар біздің серіктестеріміз Лукуллус тіл мектебі жетілдірген бағдарламаларға сәйкес сабақ беру бойынша бастапқы дайындықтан өткен. Мұғалімдердің жұмыстары жүйелі түрде бақыланады және үйлестіріледі. Аударма жөніндегі оқытушылар оқушылар мен клиенттің мұқтаждығын толығымен түсінетіндігін қамтамасыз ету үшін тек қана білім беру саласында емес, ауызша және жазбаша аударма кәсібінде де жаттыққан.
  • Құпиялылық пен этикалық нормалар
    РТГ Групп кәсіби этика мен бизнесті жүргізудің нормаларын қатал ұстанады және үшінші тараптарға құпия мәліметтерді жарияламайды. Біз сіздің құпиялылық мәселелеріңізді түсінеміз. Біздің тұрақты жұмыс күшіміз, жобаны басқару процесіміз бен кәсіби этикаға міндеттемеміз жобалардың, құжаттардың және ауызша байланыстардың жүйелі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. «РТГ Тилмәш Қазақстан» ЖШС клиенттеріміз бен тұтынушыларымыз арасында құпиялылықты ұстанады.




Біздің тобымыз



Біліктілікті арттыру бағдарламалары бөлімі:
+7 7122 32-35-57
training@rtg-group.kz

Сұранысыңызды жіберіңіз
-