«РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС

Компания туралы

РТГ Групп құрамына кіретін, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және іздеу жөніндегі «РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС, Қазақстандық компаниясы 1993 жылы құрылды. Жиырма жылдан астам сәтті жұмыс компанияның Қазақстан, Ресей және басқа да ТМД елдерінің мұнай өндірісіндегі теңдесі жоқ жұмыс тәжірибесіне қол жеткізуіне және қазақстандық, ресейлік және шетел мамандарының бірегей дерекқорын жасауына мүмкіндік берді.

Өз қызметімізде біз келесі принциптерді басшылыққа аламыз:

  • Жұмысымызды сапалы және уақытылы орындап, тапсырыс берушінің талаптарына сай болу. Атқарылатын жұмыс барысын талдау және бақылау.
  • Үлкен жұмыс тәжірибесі бар және басты салалар жөнінде үздік білімі бар Қазақстандық, сонымен қатар Ресейлік және шетелдік қызметкерлерден құралған ұйымшыл ұжымымыз жұмыстарды атқарады.
  • Ұжымда жайлы әлеуметтік-психологиялық орта құру, білікті және ынталы қызметкерлерді көтермелеу. Компанияның корпоративтік рухын демеу.
  • Өзара тиімді принциптер негізінде тапсырыс берушімен және жеткізушілермен ынтымақтастықты нығайту.

 

Осы негізгі принциптерді басшылыққа ала отырып, қазіргі уақытта біздің компаниямыз Қазақстандағы барлық мұнай-газ кешенінің операторларымен, халықаралық жетекші компаниялармен жұмыс жасайды. Біздің тапсырыс берушілеріміздің тізімі жыл сайын өсуде.

«РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС 2013 жылы ИСО 9001:2008 стандартының талаптары бойынша сапаны басқару жүйесі талабының куәлігін алды. Алынған куәлік «РТГ Тилмаш Қазақстан» ЖШС сапаға басты назар аударатынын растайды.

Біз келесі салаларда қызмет атқарамыз:
Кадрлар қабылдау бойынша қызметтер
Аударма қызметтері
Білім беру қызметі

Компаниямыздың ұжымы өзінің тапсырыс берушілеріне ұзақ жылдық ынтымақтастығымыз үшін ризашылығын білдіреді, айтылған пікірлерді жоғары бағалайды және одан әрі қызметіміздің жоғарғы сапада болатындығына кепіл береді.

Біздің болашақ тапсырыс берушілеріміздің жұмысында қолғабысшы болу біздің ұжымымыз үшін зор құрмет!!!

Біздің компаниямыздың ұраны – ЖОҒАРҒЫ САПА, АДАЛДЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК!





Біздің тобымыз



-