|
RTG Group Ресейде, Қазақстанда, Еуропада және Таяу Шығыста экономиканың түрлі салаларындағы хэдхантинг (мамандарды тарту) және рекрутинг (жұмысқа қабылдау) саласында маманданған батыстық басқарудағы жетекші компания болып табылады. Түйіндемеңізді бізге тіркей отырып, өзіңізге анағұрлым қолайлы, болашағы бар жұмыс іздеуде біздің көмегімізге үміт арта аласыз.
Бізде келесі салалар бойынша бос жұмыс орындары бар:
- Мұнай және газ
- Банк ісі және қаржы
- Консалтинг
- Бухгалтерлік есеп
- Күнделікті сұраныс және тұтыну тауарлары
Түйіндеме осындай жұмыс табуыңызға ықпал ететін маңызды құрал болып табылады. Біз оның мазмұны мен ресімделуін жақсартуға көмектесеміз.
Сіз сайтымызға тіркелгеннен кейін деректеріңіз автоматты түрде корпоративтік дерекқорымызда сақталатын болады және қазіргі, сондай-ақ клиенттерімізден жаңадан келіп түсетін бос жұмыс орындарымен салыстырылады. Тіркеу жолдарының бәрін ағылшын тілінде толтыруды және файл атауы латын әріптерімен жазылған Word форматындағы түйіндемеңізді қоса тіркеуіңізді сұраймыз.
Жұмысқа орналасуға көмектескен адамдарымыздың пікірлерінен:
ТНК-ВР консультанты: «RTG консультант ретінде маған қатысты міндеттемелерін үнемі орындайды, жалақымды күндік мөлшерлеме бойынша төлейді және шығыстарды дер кезінде және тиісті түрде төлейді … келген жерім бойынша консультанттарды тіркеу жөніндегі міндеттемелерімді тиісті түрде орындадым.
Сонымен бірге мынаны қараңыз: Түйіндеме әзірлеуге көмек
№1 түйіндеме үлгісі (ағылшынша, орысша),
№2 түйіндеме үлгісі (ағылшынша, орысша),
№3 түйіндеме үлгісі (ағылшынша).
|