|
Теңдессіз тәжірибесі бар және әлемдегі анағұрлым қарқынды өзгеріп жатқан рыноктарда үлкен жетістіктерге жеткен RTG Group әдеттегі «жайлы аймақтан» тыс жерде жұмыс жасайтын компаниялар үшін оңтайлы компания болып табылады. 1993 жылы Лондонда тәуелсіз батыс компаниясы ретінде құрылған RTG 1990 жылдардың басынан бері Ресейде «British Gas» компаниясын және Қазақстанда «Chevron» компаниясын маман қызметкерлермен қамтамасыз етеді. Біздің беделіміз бен кәсіби дағдыларымыз Ресейде және ТМД елдерінде күрделі жағдайларда жұмыс жасайтын халықаралық мұнай-газ компанияларына жоғары білікті техникалық мамандар мен басқарушы қызметкерлерді табысты ұсынуға негізделген. Осы салада жинақтаған тәжірибеміз бен қол жеткізген жетістіктеріміз қызметімізді кәсіби тұрғыдан да, географиялық тұрғыдан да кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде сан түрлі клиенттеріміздің арасында беделді консалтингілік фирмалар да, қаржы мекемелері де, сондай-ақ энергетикалық сектор мен құрылыс саласындағы компаниялар да бар. Жақында біз Иракта және Таяу Шығыстың басқа да елдерінде бірқатар жобаларды бастадық.
Мол тәжірибеге ие және негізгі салаларды жетік білетін батыстық және жергілікті консультанттарымыздан тұратын ұйымшыл тобымыз клиенттерімізге жоғары санатты қызметтер көрсетуге қабілетті. Сан түрлі жағдайларда үнемі кәсіби тәсілдер қолдану мен тура шешімдер қабылдай білу арқасында жоғары сапалы қызметтер көрсетеміз. Көптеген бәсекелестерімізбен салыстырғанда, біз өз жобаларымызға уақытымызды, қаржыларымыз бен қорларымызды жұмсадық. Бұл бізге сол жобаларға тікелей қатысуға және жұмыс орындарында оларды қолдауға мүмкіндік беруде.
RTG Group күрделі жағдайларда бизнес жүргізуге көмек көрсетумен айналысады. Біздің терең біліміміз бен жұмыста кемелділікке жетуге деген құштарлығымыз үздік нәтижелердің кепілдігі болып табылады.
Менеджмент
Ресей:
Эндрю Стейплз - RTG Group құрылтайшысы және басшысы. 1992 жылдан бері Ресейде және ТМД елдерінде жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар. Эндрю Стейплз «RTG» компаниясын құрумен және оны басқарумен қатар Мәскеуде Халықаралық қаржы корпорациясының инвестициялар жөніндегі маманы ретінде және «Pepsi Cola» компаниясының Шығыс Еуропадағы бизнесті дамыту жөніндегі маманы ретінде, сонымен қатар инвестициялық банкілер мен жеке компанияларда еңбек етті. Лондон бизнес-мектебінде алған МБА дәрежесі бар.
Сергей Калганов - «RTG» компаниясының кадрлар жөніндегі аға кеңесшісі. Мұнай-газ өнеркәсібі, сауда, телекоммуникация, фармацевтика және күнделікті сұраныс тауарларын өткізу кәсіпорындарындағы кадрлық қызметтердегі жоғары басшылық лауазымдарда 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Лондонның Metropolitan университетінде алған қызметкерлерді басқару саласының магистрі дипломы, сонымен қатар ағылшын және парсы тілдерінің маманы дипломы бар.
Тамара Иванова - Мәскеу кеңсесінің басқарушы директоры. ТМД елдеріндегі мүнай-газ саласындағы түрлі жобаларда заңтану және жобаларды басқару бойынша 8 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) оқытушысы, құқық магистрі дәрежесі, сонымен қатар лингвистика саласындағы дипломы бар.
Елена Иванова - Мәскеудегі кеңсеміздің консультанты, ірі батыс және ресейлік компанияларда кадрлармен жұмыс жасау бойынша 10 жылдан астам тәжірибесі бар. 2003 жылдан бері ТНК-ВР сияқты жетекші мұнай-газ, алюминий және құрылыс компаниялары үшін кадрлар әлеуетін дамыту және кадрлар резервін басқару мәселелерімен айналысып келеді. Кадрларды басқару саласында ресейлік және халықаралық дипломдары, Америка бизнес және экономика институтының МБА дәрежесі бар, сонымен қатар Ұлыбританиядағы Персонал және кадрларды дамыту лицензияланған институтында (CIPD) біліктілік арттырған.
Александр Игошин - Тюменьдегі кеңсенің басшысы. Тюменьде туып-өскен, сол өңірді жетік біледі, түрлі мұнай және газ жобалары, соның ішінде ТНК-ВР компаниясының Демьянский жобасы үшін кадрларды іріктеу және инженер мамандарды ұсыну жөніндегі жобаларды басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған. Александрдың Тюмень мемлекеттік әлемдік экономика, менеджмент және құқық институтында алған әлемдік экономика саласы бойынша, сонымен қатар іскерлік ағылшын тілі бойынша дипломдары бар.
Бен Джонс - Мәскеу кеңсесіндегі рекрутинг жөніндегі консультант. Эдинбург университетінде алған химия технологиясы саласы бойынша магистр дәрежесі бар.
Қазақстан:
Ләззат Қибасова - Қазақстандық кеңсенің директоры. Рекрутинг және мердігер қызметкерлерді ұсыну жөніндегі батыс агенттіктерінде жұмыс жасап, мол тәжірибе жинақтаған.
Жанна Бөлекбаева-Дусетт = Атыраудағы кеңсемізде клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер. «Hurricane Hydrocarbons Ltd» тәуелсіз энергетикалық компаниясының ең маңызды еншілес кәсіпорны «Hurricane Kumkol Munai» компаниясындағы геология бөлімінде 10 жыл еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған. Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын тамамдап, инженер-геолог дипломын алған.
|